Күйеуі әйелін абайсызда өлтіріп алды. Кісі өлімі, 16 наурыз күні Жібек жолы көшесіндегі үйлердің бірінде орын алған. Бізге жеткен ақпарат бойынша, отағасы жұбайына ине салмақ болып, тамырға дұрыс түспесе керек.
Азаматшаның денсаулығы күрт нашарлап, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған. Оқиға орнына құзырлы орган өкілдері келіп, факт бойынша тіркеуге алған. Шымкент қалалық полиция департаментінің берген мәліметіне сәйкес, аталған іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалған. Алдағы уақытта оқиғаның ақ-қарасы анықталатын болады.
Нұргүл Жолымбетова