Úı ANONS Түркістанда сушиден уланған 22 адам ауруханада жатыр

Түркістанда сушиден уланған 22 адам ауруханада жатыр

фото prosushi.ru

Түркістан қаласында 22 адам сушиден уланып қалған. Аталған асқа деген құмарлардың қазір жағдайлары жақсы. Ешқандай шағымдары жоқ. 

Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша: «Түркістан қалалық орталық ауруханасына 22 науқас жатқызылды. Оларға «Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай» диагнозы қойылған. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайлары қалыпты. Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарға жатқызылып, ем тағайындалған, дәрі-дәрмек жеткілікті».