Úı ANONS «200-ден аса адам уланған»

«200-ден аса адам уланған»

Соңғы уақытта Түркістан облысында қоғамдық орындарда тамақтан жаппай улану дерегі көбейген. Бұл тамақтану орындарының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды толық сақтамайтынын көрсетеді. Бұл туралы арнайы брифингте ресми хабарланды.

Соңғы 3 жылда Түркістан облысында 2 жүзден аса адам тамақтан уланған. Уланудың алдын алу мақсатында мамандар үнемі тексеру жұмысын жүргізеді. Бұл туралы облыстық өңілік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында сөз болды.

Асқар Ысқақов, Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: «Жалпы Түркістан облысы бойынша… жұмыс жасауда».

Асқар Ысқақовтың сөзінше, соңғы уақытта тамақтану орындарында жаппай улану оқиғасы жиілеген. Бұл санитарлық талаптардың толық сақталмайтынын көрсетеді. Ал шындығында мұндайға заңмен тыйым салынады.

 

Асқар Ысқақов, Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: «Түркістан қаласында орналасқан «Ямми Маки» фаст-фуд орталығынан пицца, суши, тауық тағамдарын тапсырыспен үйге алдыртып тұтынған 68 адам зардап шегіп, қоғамдық тамақтану орны жабылған. Алайда, жеке кәсіпкер тапсырыспен халыққа қызмет көрсетуін тоқтатпаған. Қаладағы Нышанов көшесі №1А мекенжайындағы осы нысанда екінші рет тамақтан улану жағдайы тіркелді. Жалпы зардап шеккендер саны — 14 адам. Науқастардың барлығы пицца, суши тағамдарын тапсырыспен үйге алдыртып тұтынған. Орын алған жағдайларға байланысты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары тарапынан нысандарға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмай өрескел кемшіліктерге жол берілгендігі анықталды».

Қазіргі таңда аталған фаст-фут орталығы жабылған. Оқиғаға байланысты полиция Қылмыстық кодекстің “Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу” бабымен қылмыстық іс қозғалған. Жылпы биыл департамент мыңға жуық тамақтану орнын тексерген.

Дилара Иса