Úı ANONS Ордабасы ауданы: Жол қауіпсіздігі бақылауда

Ордабасы ауданы: Жол қауіпсіздігі бақылауда

фото ОАӘБҚ
Ордабасы ауданы әкімінің тапсырмасы аясында елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе мектеп маңайы мен орталық көшелерде жолақ сызықтарын жаңарту ісі басты назарда.
Осыған сәйкес Темірлан абаттандыру қызметкерлері Шұбарсу ауылындағы Д.Қонаев көшесінің қиылысы мен мектеп алдындағы жол бөліктеріндегі жолақ сызығын жаңартты.
Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен барлық елді мекендерде жалғасын табады.