Úı ANONS «Қайрат» чемпиондар лигасында «Реал Мадридтен» 0:5 есебімен жеңіліп қалды

«Қайрат» чемпиондар лигасында «Реал Мадридтен» 0:5 есебімен жеңіліп қалды

Фото: Real Madrid

«Қайрат» пен Испанияның «Реал Мадрид» командасының ойынын асыға күткендер көп болды. Тарихи оқиға деп бағалағандар басым. Көптен күткен ойыннан барлық жанкүйерлер үміттенген еді. Алайда… UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші турында қазақстандық «Қайрат» және Испанияның «Реал Мадрид» матчы 0:5 есебімен аяқталды.

Жанкүйерлердің дабысы жер жарғандай, содан арқаланған қайраттықтар

алғашқы минуттарда белсенді шабуылмен бастаған болатын. Шабуылшы Дастан Сәтпаев баспен соққан добы мадридтік қақпаға маңайламады. «Қайрат» командасының ойыншылары кейін де «Реал Мадрид» қақпасына бірнеше шабуыл ұйымдастырды, бірақ нәтижесіз аяқталды.

Алғашқы голды Килиан Мбаппе  пенальтиден соқты. Алғашқы кезең 0:1 есебімен «Реал Мадридтің» пайдасына аяқталды. Екінші таймда Мбаппе екі рет гол соқты. Ал Реалдың төртінші голын Камавинга соқты. Осылайша  “Реал Мадрид” пен “Қайрат” ойыны 0:5 есебімен аяқталды.