Футбол фанаттары бүгінде ұйқыдан айырылған. Әйгілі испандық «Реал Мадрид» футбол клубының елімізге келуі тарихи оқиға болып отыр. Күні кеше Алматы әуежайына әйгілі испандық «Реал Мадрид» футбол клубының ойыншылары, бапкерлер құрамы және персоналы бар ұшақ қонды. Тіпті ұшақтың қайда ұшып келе жатқанын күнімен бақылағандар да баршылық. Осылайша атақты «Реал-Мадрид» футболшыларын ыстық ықыласпен қарсы алды. Айта кетейік, 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы Чемпиондар лигасы матчы өтеді.
Бәрінен бұрын түркістандық жанкүйердің ерекше қолдауы талайларды таңғалдырды. Ол үйінің қақпасына – «Қайраттың», ал екінші жағына – «Реал Мадридтің» логотипін салып, ерекше құрметін көрсетті. Қазір бұл бейне әлеуметтік желіні шарлап жүр.







