Шымкентте аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді. Жауапты сала мамандары есірткі қылмысына қарсы күрес шараларын белсенді түрде жалғасуда. Мәселен, екі шетелдік азамат, сонымен қатар жергілікті бірнеше тұрғын күдікті ретінде қолға түсті. Олардан синтетикалық және психотроптық есірткі заттары алынды. Қазірігі таңда күдіктелер қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан екі шетел азаматын ұстады. Тексеру барысында олар жалға алған автокөліктен сатуға дайын күйде оралған мефедрон психотроптық заты салынған 22 қалта табылды.
Қайсар Нариман, Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы: «Шымкент қаласы Полиция департаменті «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында «Заң және Тәртіп» қағидаты негізінде есірткі қылмысына қарсы күресті белсенді түрде жалғастыруда. Мәселен, полиция қызметкерлері 18 қыркүйек күні, 2 шетелдік азамат ұсталды. Олар Шымкент қаласы аумағында есірткі таратумен айналысқан».
Күдіктілерден алдын ала дайындаған жасырын орындардан тағы 46 есірткі орамасы тәркіленді. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асты. Бұдан бөлек, жергілікті екі тұрғын заңсыз айналымдағы заттармен құрықталды.
Қайсар Нариман, Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы: «Сонымен қатар, жедел іс-шаралар аясында Түркістан облысының 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның күртешесінен сатуға арналған шамамен 70 грамм мефедрон табылды. Сондай-ақ, қыркүйек айында жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды».
Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шымкент қаласының Полиция департаменті азаматтарға ескерту жасай отырып, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін заң аясында қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
Нұргүл Жолымбетова






