Төле би тұрғыны 1 келі есірткімен ұсталды

219
Төле би тұрғыны 1 келі есірткімен ұсталды

Оңтүстіктің полицейлері 43 жастағы тұрғынды 1 келі есірткімен ұстады. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының өкілдері «Көкнәр-2016» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында есірткі сатады деген күдікпен 1973 жылы туған Төлеби ауданының тұрғынын қолға түсірді.

Төле би тұрғыны 1 келі есірткімен ұсталды

Күдіктінің үйіне жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде 5 дана орамадағы өсімдік тектес, жасыл түсті, өткір иісті зат табылып, тәркіленді. ұсталған азамат оны сату үшін сақтап келгенін мойындап отыр.

Төле би тұрғыны 1 келі есірткімен ұсталды

Сот-криминалистикалық сараптамасы табылған есірткі затының жалпы салмағы 1 келіден асатын марихуана екенін көрсетті. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасмалдау, жөнелту не өткізу) іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Төле би тұрғыны 1 келі есірткімен ұсталды