Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі-сыбайлас жемқорлық. Бұл құбылыстың күшейіп бара жатқаны келешек ұрпаққада өз әсерін тигізері анық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бұл құбылыспен қоғам болып күреспесек жеңу қиын. Осы бағытта мәселелер мен шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда қазіргі таңда айтарлықтар нәтиже бар. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың көрінісі азаюда.
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру үшін дамыған елдердің осы құбылыспен қалай күресіп, қандай әдіс, құралдарын қолданғандарын айта кетейік. Бұрынғы ТМД елдерінің ішінде Грузия мемлектінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибесі табысты болды. Осыдан 10 жыл бұрын Грузия елінде сыбайлас жемқорлық елдің барлық саласында өршіп тұрған еді. Қазір Грузия тек Прибалтика елдерінен кейінгі орында тұр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте грузин тәсілінің негізгі айырмашылығы репрессивті әдістермен қатар Грузияда превентивті-СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ алдын алу шараларын қолданылады, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұсталған парақорлардың санымен емес, осындай жағдайларды болдырмауға бағдарланады.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатында қоғамда насихаттау мен білім беру, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы топтар, оқушылар, студенттер, БАҚ, үкіметтік емес сектор, бизнес өкілдері үшін үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға маңызды рөл берілетінін атап өту қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім негізіне мемлекеттік қызметшілермен қатар жоғары оқу орындарының студенттеріне этикалық нормаларды оқытып жатыр. Осы мақсатта халықаралық ұйымдардың қолдауымен этика жөніндегі жаңа оқу-әдістемелік материалдар әзірленді, осы саладағы табысты өнімдердің бірі – «Этика және мемлекеттік қызметшілердің жалпы мінез-құлық ережелері» оқу құралы болып табылады.
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы тиімді тәжірибесі студенттер, оқушылар, ҮЕҰ және басқалар кіретін кең аудитория үшін оқыту семинар-тренингтерін жүргізумен түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бұл тренингтерді практиктер, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саласындағы заң шығару және үйлестіру қызметімен тікелей айналысатын адамдар жүргізеді, сонымен қатар шетелдік беделді сарапшылар шақырылады.
Л.Н.Туртаева,
Еңбекші ауданы СЭББ басшысы






