Сальмонеллез – тағамнан уланудың бір түрі, қоздырғышы – жіті ішек жұқпалы ауруын тудыратын salmonella тұқымдас бактерия таяқшалар. Асқазан-ішек жұқпасы науқас пен бактерия тасымалдаушыдан ауыз-нәжіс жолымен байланыс-тұрмыстық жағдайда жұғады.
Инфекция көбінесе осы бактериямен ластанған сапасыз немесе ескірген өнімдерді тұтынғанда немесе бактерия тасымалдаушыдан жұғып, пайда болады. Әсіресе, балалар мен қарттар сезімталдығынан жиі ауырады.
Баланы қайнатылмаған бөтелкемен тамақтандырғанда жұғады. Ал ересектер salmonella тұқымдас бактериялармен ластанған тауық жұмыртқасын, сүтті, етті, майды, дайын иленген қамыр, торттар мен тәтті тағамдарды жеу арқылы жұқтырады.
Тамақ өнімдеріне түскен аурудың қоздырғышы оның сыртқы түрін өзгертпейді, дәміне әсер етпейді. Белгілі бір тамақ өнімдерінде сальмонелланың болуын зертханалық талдау арқылы ғана анықтауға болады. Медицинада сальмонеллездің салдарынан болған өлім жағдайлары белгілі.
Клиникасы.
Инфекция тамақтан уланудың жалпы белгілерімен сипатталады: ұзақ мерзімді диарея, іштің қатты ауыруы мен өтуі бірге жүреді. Науқастың нәжісінде көп мөлшерде шырыш болады, қан байқалуы мүмкін. Дәрет күніне 10 рет немесе одан да көп болуы мүмкін. Жүрек айнуы, тәбеттің болмауы, бас ауруы, дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, сүйектер мен буындардың ауруы, дененің жалпы әлсіздігі. Асқазан толығымен бос болса да, көп және бірнеше күн бойы құсу жалғасуы мүмкін. Осындай жағдай ағзаны сусыздандырады. Инкубациялық кезеңі 6-72 сағаттан 7 күнге созылып, осы уақыт аралығында ағзада уланудың алғашқы белгілері болады.
Аурудың диагностикасы. Негізгі патогенді анықтау үшін науқастың нәжісі мен, қанын зерттейді. Соңғы аптада ішкен тағамға талдау жасалады (мүмкін болса). Сальмонеллезді көптеген ішек инфекцияларымен, оның ішінде ең алдымен тырысқақтан ажырату керек. Антибиотиктермен емдейді. Науқас сұйықтықты мүмкіндігінше көп ішу қажет. Негізгі ем аяқталғаннан кейін науқастың сауыққанын және бактерия тасымалдаушылықты анықтау үшін нәжісі және қаны қайта тексеріледі.
Профилактикасы.
Алдын алу және санитариялық-індетке қарсы іс-шараларды сақтаумен аурудың алуға болады:
жеке бас гигиенасын сақтау – дәретханаға барғаннан кейін, көшеден үйге оралғаннан кейін, тамақты дайындауды бастаудан бұрын қолды жуу;
жеміс-жидектер, көкөністер, сүт пен ет өнімдерін тұтынарда, тамақ әзірлеуде тазартып сумен жуу;
жұмыртқаны сода сумен жуып, кептіріп, тоңазытқышта сақтау;
азық-түлік сатып аларда дүкенде жарамдылық мерзіміне назар аудару;
тағам өнімдерін тоңазытқышта көршілестігімен сақтау;
азық-түліктің және тағам әзірлеу үшін өнімдердің шектеулі жарамдылық мерзімі өтіп кетсе пайдаланбау;
тамақ дайындауды бастаудан бұрын ыдыс-аяқ және ас үйге керек-жарақтарды және қолды жуу;
тағам дайындауда пышақтарды азық-түлік пен өнімдердің түріне қарай бөлек пайдалану;
дайын тағамды ашық көше сөрелерінен, дүкендерден сатып алмау;
сенімді емес қоғамдық тамақтану орындарында тамақтанбау;
өлшеп сатылатын майонез қосылған салаттар, кілегеймен безендірілген торттарды тұтынбау;
қажетті санитариялық талаптарды сақтай отырып, үйде тамақ дайындау.
Н.Тезекбаева,
Тұран ауданы СЭББ бас маманы






