Úı Jańalyqtar Қауіпсіздік талаптары пысықталды: Шымкент гарнизонында оқу-әдістемелік сабақ өтті

Қауіпсіздік талаптары пысықталды: Шымкент гарнизонында оқу-әдістемелік сабақ өтті

фото ШГБҚ

 

Шымкент гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада жаңа оқу жылының басталуына дайындық аясында жеке құраммен қауіпсіздік шараларын алдын алу мақсатында оқу-әдістемелік көрнекі сабақ ұйымдастырылды.

Бұл шара әскери қызметшілердің білімін жетілдіру, қауіпсіздік талаптарын терең меңгеру және оқуға толық дайындығын қамтамасыз етуге бағытталды.
Сабақ барысында барлығы 18 оқу нүктесі жұмыс істеді. Әр оқу нүктесінде әскери қызмет барысында маңызды саналатын бағыттар қамтылды: қару-жарақты қауіпсіз қолдану, көлік жүргізу тәртібі, өрт қауіпсіздігі, саптық дайындық талаптары, инженерлік қауіпсіздік, төтенше жағдайларда іс-қимыл және басқа да практикалық дайындықтар.
Оқу нүктелерінің жетекшілері ретінде тәжірибелі офицерлер мен сержанттар тағайындалды. Олар жеке құрамға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп қана қоймай, нақты жағдайларда қолданылатын іс-қимылдардың үлгісін көрсетті.
Сабақ жетекшілерінің бірі, капитан Сүндет Мақхамбаев, мұндай шаралардың маңызын атап өтті:
— «Қауіпсіздік талаптарын білу — әрбір әскери қызметшінің тікелей міндеті. Біз бұл сабақтар арқылы жеке құрамның жауапкершілігін арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алу дағдыларын қалыптастырамыз. Әр жауынгер қауіпсіздік нормаларын толық меңгергенде ғана бөлімнің жауынгерлік дайындығы жоғары деңгейде болады», — деді ол.
Бригада басшылығының айтуынша, дәл осындай кең ауқымды сабақтар жаңа оқу жылына сапалы дайындықты қамтамасыз етеді және бөлімдегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосады.
Оқу-әдістемелік сабақ соңында жеке құрам қойылған тапсырмаларды сәтті орындап, жаңа оқу жылын қауіпсіздік талаптарын толық меңгерген күйде бастауға дайын екендерін көрсетті.