Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі К.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы) іс қаралды.
2025 жылғы 26 тамызында сағат 00:30 шамасында кәмелетке толмаған 2009 жылы туған М. заңды өкілі К.-ның қарауынсыз Шымкент қаласы, «Арбат» аллеясында, тұрғын жайдан тыс жерде жүрген. Аталған құқық бұзушылық бір жылдың ішінде екі рет қайталанған.
Құқық бұзушының кінәсі іс-құжаттарымен қоса, К.-нің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен және тағы да басқа іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп, аталған мән-жайларға сүйене отырып, құқық бұзушының жауапталығын жеңілдететін мән-жайлар оның кінәсін мойындағанын, өкінгенін, асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуын, ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын ескеріп, сот К.-ны ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 19 267 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.







