Биыл қаламыз демалыс орнын салудан рекорд қойып жатыр. Бір ғана басқарманың бастамасымен 6 аллея құрылысы басталған. Оның біреуі Шымсити шағынауданында орналасқан.
Анарбай Рәтәйұлының Шымсити шағынауданына көшіп келгеніне 5 жылға жуықтады. Соден бері ол кешкісін есік алдындағы кішігірім алаңда серуендеп жүрген. Ал бұл жер шөп өсіп ашық дала болып тұратын. Енді өзі тұратын аймаққа аллея салынып жатқанда қатты қуандық дейді ақсақал. Сөзінше, әлі құрылысы бітпесе де күнде осында келіп, таза ауа жұтып кетеді екен.
АНАРБАЙ РӘТӘЙҰЛЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Тұрған жерлерің шөп-шалам болып жататын. Орып тазалап, қазір қолға алып адам демалатын жай істеп жатыр. Адамның бәрі осында келіп демалып кетеді»
Биыл қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бастамасымен Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 6 аллея салынып жатыр. Мамандардың айтуынша 2023 жылы 5 жылға қаланың тазалығына жауап беретін компаниямен келісім шартқа отырған. Соның негізінде жаңа нысан құрылысы қолға алынған.
ИСАТӨРЕ АБДУЛЛА, ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: «Сол келісімшартта көрсетілген 3 жыл қатарынан гүлзар салып береді. Одан бөлік 1 су ұңғымасын салып береді. Алдыңғы жылы да 5 гүлзар салдық. Бұл инвестиция ретінде салынып жатқан гүлзар. Биыл да 6 гүлзар салынып жатыр. Қазір Тұрандағы құрылысы бітті. Қалғаны жыл соңына дейін бітеді деп жоспарлануда»
Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында салынған демалыс орнының бірі Тұран -2 шағын ауданында орналасқан. Жауаптылар сөзінше, тұрғын үйлер мен мектеп арасында орналасқан нысан қала тұрғындары серуендеп, уақытын сапалы өткізуге септігін тигізеді.
Әсел Мәлік







