Úı ANONS Мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген 13 автокөлік иесі жауапқа тартылды

Мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген 13 автокөлік иесі жауапқа тартылды

фото ТОПД
Түркістан облысы ПД бастығының бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 2–4 қаңтар аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында небары 1 тәулікте жол қозғалысы бойынша 634 құқықбұзушылық анықталып, 69 автокөлік айыптұраққа қойылды.
Мәселен рейд кезінде көлік басқару құқығы жоқ 14 жүргізуші, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген 13 автокөлік, сондай-ақ мас күйінде көлік басқарған 6 жүргізуші, қарама-қарсы бағытқа шыққан 3 құқықбұзушы анықталып, жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар жеңіл көлік басқарған 4 жасөспірім тоқтатылып, ата-анасына әкімшілік шара көрілді.
Жол қауіпсіздігі әрбір қатысушының жауапкершілігі.