Úı ANONS  «Сайлау туралы» конституциялық заңға қатысты комиссия құрылды

 «Сайлау туралы» конституциялық заңға қатысты комиссия құрылды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Сайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. Осы заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясы бекітіліп, оның құрамына кіретін Мәжіліс депутаттары анықталды.

Парламент регламентіне сәйкес, аталған заң жобасы жөніндегі бірлескен комиссияға Марат Башимов, Мұрат Ергешбаев, Снежанна Имашева және Үнзила Шапақ ұсынылды. Мәжіліс депутаттары ұсынылған комиссия құрамын дауыс беру арқылы мақұлдады.

Айта кетейік, былтыр қыркүйекте төменгі палата «Сайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын қарауға қабылдаған болатын. Аталған заң жобасы мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленіп, сайлау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Ербол Тұрымбет