«AusOpen» ашық чемпионатында түркістандық Заңғар Нұрланұлы тарихи нәтижеге қол жеткізді. ITF жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 12-орында тұрған Заңғар осылайша ITF J300 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты. Ол аталған жарыстың жеке разряды бойынша 1/4 финалға жеткен алғашқы қазақстандық жасөспірім ретінде тарихқа енді. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында турнирдің үздік сегіз ойыншысының тізіміне енді.
Сонымен қатар, түркістандық спортшы үшінші айналымда ITF Juniors рейтингінде 21-орында тұрған АҚШ өкілі Гэвин Гудты жеңді. Ендігі кезекте ойыншы жартылай финал жолдамасы үшін ITF Juniors рейтингінде 5-орында тұрған бразилиялық Луиш Гута Мигельмен кортқа шығады.


