Конкурдан оңтүстік қоржынына алғаш рет алтын медаль салынды

392
Облысымыздың болашақ чемпиондары

Олимпиадалық спорт түрлерінің тізімінен орын алған конкурдан Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында өткен болатын. Республикалық сынақтың жүлдесі үшін таласуға оңтүстіктен 5 спортшы жол тартқан болатын.

Аяжан Қонақбай - конкурдан ҚР чемпионы

Өткен жылғы чемпионатта Шымкенттіктер 4-5 орынды ғана қанағат еткен еді. Ал биыл, Аяжан Қонақбай облыс қоржынына алтын медальді са

ла білді. Оңтүстіктің жас конкуршылары бұрын соңды алтыннан алқа тақпаған екен.

Аяжан Қонақбай, ҚР чемпионы: «Қиындау болды. Өйткені үйреншікті сәйгүлікті, Ербол атты тұлпарға ауыстырдым. Маған көмектесіп, қол қанат болған ағайларыма алғысым шексіз».

Аяжан бұл күндері жаттығуға қайта кіріскен. Өйткені, конкуршы қыздың алдында халықаралық жарыс күтіп тұр. Ол енді Әлемдік доданы бағындыру үшін тырысып бағатын болады.