Түркістан облысының МАӘ сотында М.-ның тұрғын үй алу кезегінен заңсыз шығарылуына байланысты әкімшілік іс қаралды. М. өзінің талап қою арызында, 2018 жылдан бері II топ мүгедектігі бар тұлға ретінде тұрғын үй кезегінде тұрғанын көрсеткен. Алайда 2025 жылы Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі оның жұбайының атына тіркелген тұрғын үй бар деген негізбен М.-ны кезектен шығарған.
Талапкер бұл шешіммен келіспеген, себебі заңды некесі жұбайымен 2017 жылы сот шешімімен бұзылған, яғни даулы әрекеттер жасалғанға дейін әлдеқайда бұрын жасалған. Алдын ала сот отырысы барысында тараптар арасында татуластыру рәсімдері жүргізілді. Нәтижесінде, дауды реттеу мақсатында тараптар мынадай келісімге келді:
Жауапкер бір ай мерзім ішінде М.-ны «II топ мүгедектігі бар тұлға» санаты бойынша тұрғын үй кезегіне қайта қалпына келтіріп, тиісті бағдарламаға енгізуге міндеттенді; М. жауапкердің аталған міндеттемелерімен келісетінін білдірді.







