Төрт түлік мал — бір жүйеде. Енді шаруалармен жеке тұлғалар қолдағы бар малды тіркеуге міндетті. Ол үшін «Төрт түлік» мобильді қосымшасын пайдаланады. Тіпті сырғаланған ірі қара мен қойларды өзге жанға тарту етсеңіз де, қосымшаға енгізу қажет. Бұл бағдарлама қолданысқа берілген күннен бастап, бір жарым мыңнан астам шаруақожалығы тіркеліп үлгерген.
Енді ауыл шаруашылығы жануарларын сою, сату, тіпті сыйлыққа берсеңіз де төрт түлік мобильді қосымшасына тіркеуге міндеттісіз. Ал, әзірге мал басын тіркеу, сырғалау жұмыстары жүріп жатыр. Мәселен, «Асыл жұлдыз» шаруақожалығы бұл қосымшаны пайдалануды бір апта бұрын бастапты. Мұнда 550 — ге жуық қой, 180 — нен астам ірі қара, 100 шақты жылқы бар. Бүгінде кәсіпкер, барлық жануарларды төрт түлік мобильді қосымшасы арқылы тіркеп, қажетті қызмет түрлерін алып отыр. Бұрын, әрбір мал басын тіркеу үшін бір күн уақыт жұмсайтын едік дейді.
БАҚТЫБАЙ БЕКБОЛОВ, «АСЫЛ ЖҰЛДЫЗ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Қазіргі мынау қосымшаларыңыз төрт түлік бағдарламасы өте дұрыс. Түсіндірме жұмыстарын жүргізді, ветеринария мамандары басында жүреді. Тез келеді. Уақытылы көмегін тигізеді. Вакцинацияда уақытылы салынып жатыр. Осы бір аптаның көлемінде ветеринар жүргізіп жатыр. Басында жүріп, әрқайсысын есепке алып, уақытысында анықтама алу үшін бір күн жоғалтатын едік».
Бұл қосымша төрт түлік туралы барлық мәліметті бір жүйеге жинақтауға мүмкіндік береді дейді мамандар. Сонымен қатар, малды тіркеу және деректерді жаңарту процесін жеңілдетеді, қағаз құжат айналымын азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мал иелері мен мемлекеттік органдар қызметкерлері арасындағы байланысты жақсартады екен.
ЕРСІН АХМЕТОВ, «ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» МКК ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ: «Жануардың иелері алып келгенде, сатқанда, сойғанда ветеринар дәрігерге хабарлауға міндетті. Егер хабарламаған жағдайда ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес, әкімшілік айыппұл арқалайды. Немесе ескерту түріндегі шара қолданылады. Шымкент қаласы бойынша 82 дәрігер бар. Әр участоктарға бөлінген. Қазіргі таңда мал басының азаюына байланысты ветеринарлық дәрігерлер жеткілікті».
Сонымен қатар, ветеринариялық бақылауды күшейтіп, мал ауруының алдын алуға да мүмкіндік бар дейді мал дәрігерлері. Олар қазірше күндігіне оннан астам шақыртуға барып, төрт түлікті тіркеп жатыр.
ДӘУРЕН БАРАТ, МАЛ ДӘРІГЕРІ: «Төрт түлік қосымша арқылы он-он бес өтінім түседі. Мер көрсетейін өтінімқалдыруды. ЗӨтінімге кіреді. Төрт түлік қосымшасын қолданатын тұрғындар, қосу деп басады. Жасын барлығын таңдайды. Жынысын да».
Осылайша, мобильді қосымшаны оңай пайдалануға болады дейді мамандар. Көп уақытта жоғалтпайсыз. Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 3500 жуық шаруа қожалықтары бар. Олардың 1500 — нан астамы төрт түлік мобильді қосымшасына тіркеліп үлгерді.
Нұргүл Жолымбетова





