Úı ANONS 22 миллион теңгелік несие дауы татуласу рәсімімен аяқталды

22 миллион теңгелік несие дауы татуласу рәсімімен аяқталды

фото tatulas.kz
 «Е-Д» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі шұжық және вакумделген ет цехын ашу мақсатында, қажетті құрал жабдықтарды сатып алу үшін «Ы» Микроқаржылық ұйымы» ЖШС-нен 29 500 000 теңге несие қаражатын алған. Алайда, келісімшартта көрсетілген төлемдерді ішінара төлеп, кешіктіру салдарынан, талапкер сотқа жүгінген.
 Бірінші сатылы соттың шешімімен жауапкер өндірістік кооперативтен және ондағы мүшеліктегі 4 азаматтан 22 млн 500 мың теңгені ортақ түрде және баж салығы 676 мың теңгені өндіру туралы шешім қабылданған.
 Істі жауапкерлердің апелляциялық шағымдары негізінде қайта қарап, сот алқасы, тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімді бекіту туралы өтініштерін тыңдап, келісімді зерделеп, бірінші саталы сот шешімінің күшін жойып, екіжақты келісімді бекітті.
Келісім бойынша:
— қарыз мөлшері 17 млн. теңгеге азайды;
— жауапкерлер 2026 жылдың шілдесіне дейін талап қоюшының есеп шотына 17 млн теңгені бөліп төлеуді міндеттеді.