Úı ANONS Мессенджер арқылы денсаулыққа қауіпті тауарды сатқан шымкенттік ұсталды

Мессенджер арқылы денсаулыққа қауіпті тауарды сатқан шымкенттік ұсталды

фото ШПД
Шымкентте полиция қызметкерлері электронды тұтыну жүйелерін заңсыз сатқан ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті өнімді мессенджер арқылы сатуды ұйымдастырған: жарнамалар жариялап, тапсырыстар қабылдап, тауарды тұтынушыларға жеткізіп отырған. Осылайша ол тыйым салынған өнімді тұрақты түрде өткізіп келген.
Тексеру барысында оның тұрғылықты жерінен сатуға дайындалған 41 вейп табылып, тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу жүргізілуде.