Úı ANONS Барит ұрлаған Өзбекстан азаматы елден шығарылды

Барит ұрлаған Өзбекстан азаматы елден шығарылды

Кентауда  жер қойнауын заңсыз пайдаланған үш адам ұсталды. Оның бірі – Өзбекстан азаматы. Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, айыпталушылардың әрекеті дрон арқылы анықталған. Олар Ойық ауылы маңындағы таулы аймақтан заңсыз барит алған. Күдіктілерге  қазба байлықты алуға құқық берілмеген. Қазақстанның екі азаматы Өзбекстан азаматын жұмысшы ретінде тартып, жұмсаған.

 

МАҚСАТ ЕРАЛИЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ПРОКУРОРЫНЫҢ М.У.А.: «Осыған орай прокуратураның үйлестіруімен заңдылықтың бұзылуына жол берген екі тұлғаға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хатамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал шетел азаматын елімізден аластату мақсатында Кентау қалалық сотына материал жолданды. Сондай-ақ , жер қойнауын заңсыз иемдену фактісіне жол берген  жер қойнауын пайдаланушының  лицензиясын кері қайтарып алу мақсатында құзіретті орган Қазақстан республикасы құрылыс және өнеркәсіп министрлігіне ақпараттық хат жолданып, бақылауға алынды».

Барит немесе ауыр шпат барийдің негізгі табиғи миниралы. Химиялық зат жоғарғы тығыздығы не ауырлығымен ерекшеленеді. Негізінен мұнай-газ өндірісінде бұрғылау ерітінділерін ауырлату үшін қолданылады. Көбіне гидротермалдық кен орындарында, әктастарда және шөгінді жыныстарда кездеседі.

 

Дилара Иса