Шымкенттен екі жүзден астам адам солтүстікке қоныс аударды. Жаңа жерде жұмыс та, баспана да дайын. Тіпті үй алу үшін 7 миллион теңгеге дейін көмек беріледі. Көшкендердің өмірі қалай өзгерді? Бағдарлама қаншалықты тиімді?
Бір ай бұрын Дариға Забипуллақызы отбасымен арнайы бағдарлама арқылы Шмыкенттен Петропавл қаласына қоныс аударған. Екі баласы бар. Барғаннан балалары – балабақша, күйеуі мен өзі тұрақты жұмысқа орналасқан.
ДАРИҒА ЗАБИПУЛЛАҚЫЗЫ: «Біз 9 наурыз күні келдік. Балабақшаға, барлық жерге орналасып қойдық. Ешқандай қиындық болған жоқ. Берілетін жәрдемақылардың бәрі уақытылы түсті. Өзім Шымкентте жүрген кезде болып жұмыс істегім келеді деп айттым. Мұнда келгенде бірден орналастым».
Ол көшіп-қону туралы барлық ақпаратты Еңбекші аудандық мансап орталығынан алған. Уәде етілген, заңмен бекітілген әлеуметтік әрі бірреттік төлемдер өз уақытында берілген. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Оның жалақысын да мемлекет төлейді. Отбасы қыркүйек айында үй алуды жоспарлап отыр.
ДАРИҒА ЗАБИПУЛЛАҚЫЗЫ, ТҰРҒЫН: «Біз өзіміз қыркүйекке қарай көрсек деп отырмыз үйді. Сол кезде де мемлекеттің көмегімен 7 миллион теңге беріледі екен. Бұл жақта жұмыс көзі көп. Бізде оңтүстіктегідей емес жұмыс көзі көп. Қарастырылған. Және жеңілдіктер бар. Тұрғын үй берді, жұмысқа орналастырып берді. Сол жағынан жеңілдіктер болды. 03:18 (6401)
Жоспар бойынша биыл Еңбекші ауданынан солтүстік аймақтарға 200 адамды қоныстандыру керек. Қазіргі уақытта 40 шақты адам көшіп үлгерген. Тағы осынша адам көшуге ниет білдірген. Соңғы жылдары көшуге қызығушылық білдірген тұрғындар көбейді дейді мамандар.
ГҮЛСАНА БАЙЫМБЕТОВА, ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: «Ол жақта ауыл шаруашылығын дамытқысы келіп жатқандар да бар. Мал шаруашылығымен айнылғысы келіп жүргенде де бар. Оған да көптеген жеңілдік тер қарастырылған. 2 гектарға дейін жер беріледі. Жермен қосып қасында үйі бар жер де тауып бере алады. Үй арендасын жыл бойы толық мемлекет төлеп береді. Үйді алғаннан кейін 7 миллион теңге толық төленеді. 7 миллиондық үй болса толық төленеді. Сол арқылы адамның атына өтеді».
Мамандар жеңілдіктерден бөлек солтүстік аймақтарда бос жұмыс орны өте көп деп сендіреді. Мысалы, ол жақта мұғалім, дәрігер сияқты мамандар да тапшы. Барушыларға қойылатын бір-ақ міндет бар. Сол аймақта 5 жыл өмір сүріп, өз мамандығын бойынша жұмыс істеу қажет. Жыл басынан бері еңбек күші тапшы солтүстік аймақтарға 46 отбасы, бас-аяғы 206 адам көшіп кеткен. Олардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан облысын таңдаған.
Дилара Иса






