Қазақстанда мектеп бітіру кешіне қатысты жаңа шектеулер енгізілмек. Енді салтанатты шараларды мектептен тыс жерде өткізуге бола ма? Қымбат мейрамханалар, көлік кортеждері мен сән-салтанатты кештерге тоқтау салына ма?
Тұрғындардың бірі – қарапайым форматты қолдайды, енді бірі – «бітіру кеші есте қалуы тиіс» дейді. Ал мамандар қауіпсіздік пен қаржылық жүктемені алға тартады. Жаңа талаптар нені өзгертеді?
Оқу ағарту министрлігі ішкі істер министрлігі және жергілікті әкімдіктер бірлесіп жалпы орта білім беретін мектептерде бітіру кештерін өткізуге тыйым салу туралы шешімі әлі күнге қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Шектеу туралы министрлік хабарлағанымен ата-аналар мен түлектер бітіру кештерін өткізу райынан қайтты ма? Мұны білу үшін әуелі кештер өтеді-ау деген мейрамханаларға хабарласып көрдік. Дерлік барлығында маусым айында 2-3 күнде ғана орын бар болып шықты.
«Қазір мен маусым айының бос даталарын айтайын. 17-сі бос 22-не бос бір күнге. 18,19 күні бар. Сол екі-ақ күн бе, басқасы бос емес пе? Иә».
Мейрамхана қызметкерлерінің сөзінше, дастарханның өзіне адам басына 20 мың теңгеден басталады. Одан бөлек тағам, су өзге де заттарды қосуға болады. Жалпы жылда талқыға түсетін бітіру кешін өткізу, оған баласын жіберу туралы тұрғындар не дейді?
«Меніңше, кішкене бас қосқанда тұрған ештеңе жоқ. Әйтеуір балалар ұрыспай, төбелеспей бақылауда болса, енді мектеп бітіру ғой қанша дегенмен. Біз де жасадық. Ауылда жасадық, директор, ата-аналар қасымызда болды. Қалада асыра сілтеу болмаса болады деп есептеймін».
«Біреулер жіберіп жатыр, біреулер неғып жатыр. Жіберу керек қой негізі».
«Енді әркімнің қалауы әртүрлі ғой. Барғаны дұрыс қой. Қанша дегенмен 11 жыл бірге оқисың. Осы уақытқа дейін болып келе жатқан нәрсе емес па ол. Мен баламды бітіру кешіне жіберетін едім. Бірақ түнгі сағат 12-де хабарласып, үйге қайт дейтін едім».
Оқу-ағарту министрлігі жанындағы коғамдық кеңестің төралқа мүшесі Өмір Шыныбекұлының айтуынша, министрлік тыйым салғанымен әлі де түлектердің бітіру кешін өткізу керек пе, жоқ па деген сұрақ ашық қалып тұр. Оның ойынша, бұған тыйым салу адамның құқығын бұзумен тең.
ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ, ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАЛҚА МҮШЕСІ: «Тек қана бұл жерде шешіп алатын нәрсе, бұл жерде мектептен жауапкершілікті алу керек. Қоғамдық тәртіпті сақтау ма бұл кәдімгідей ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің күнделікті жұмысы, атқарсын. Ал бұл жерде баса-көрсететін нәрсе бар ата-аналарға айтатын едім, біреуде бар, біреуде жоқ, жоқ-жітік ата-аналарға салмақ салмау. Сол жағын ойлау керек. Ең ауыр нәрсе сол».
Өмір Шыныбекұлының пікірінше, бітіру кештерінде мұғалімдерді кезекшілікке қоюға тыйым салу керек. Бұл олардың құқығын шектейді. Ал қалалық білім басқармасының бөлім басшысы Ақжарқын Тұрсынова бұл жылда көтерілетін мәселе дейді. Десе де биыл өзге жылдардан қарағанда өзгеше болайын деп тұр. Жылда оқу-ағарту министрлігі кешті қалай өткізу туралы бұйрық берсе, енді ішкі істер министрлігі мен әкімдіктің қатысуымен бірлескен бұйрық шыққалы тұр.
АҚЖАРҚЫН ТҰРСЫНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Ол арнайы бұйрықта оқушылардың 25 мамыр соңғы қоңырау болатын күні мектеп қабырғасында міндетті түрде. Бұл жерде қатаң тыйым салынады мектеп қабырғасынан тыс жерлерде яғни мейраманаларда, дәмханаларда, банкет залдарында не болмаса демалыс базаларында, табиғат аясында бейресми іс-шаралар өткізуге тыйым салынып тұр».
Бұйрыққа сай ата-аналарға ақша жинауға, мектепке кез-келген сый-сияпат түрін беруге тыйым салынады. Айта кетейік, бірлескен бұйрық әлі шыққан жоқ. Бұйрық шыққанда оны мектеп мұғалімінен бастап басқарма басшысы, оқу-ағарту министрлігі мен және ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қадағалайды.
Ескеретін жайт, бұл тек қана соңғы қоңырауға қатысты бұйрық емес, аттестат алғаннан кейінгі кештерді өткізу, от айналасында отыру, таңды бірге қарсы алу сияқты әуелден келе жатқан іс-шараларға қатаң тыйым салу деген сөз.
Дилара Иса


