Úı ANONS Жалған нөмір таққан 37 жүргізуші айыппұл арқалады

Жалған нөмір таққан 37 жүргізуші айыппұл арқалады

фото ТОПД
Түркістан облысы полиция департаменті патрульдік полиция қызметкерлері облыс аумағында «Жалған нөмірлер» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – автокөлікті мемлекеттік тіркеу нөмір белгісінсіз немесе жалған нөмірмен басқару фактілерінің алдын алу және заң талаптарын сақтауын қадағалау. Нәтижесінде екі күн ішінде полицейлер 37 құқық бұзушылық анықтап, әкімшілік хаттама толтырды.