Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталды. Жұмыстар белгіленген мерзімнен үш күн бұрын, Энергетика министрлігі бекіткен кестеден ертерек орындалып отыр.
Мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы 22 сәуірде қайта іске қосылса, терең өңдеу блогы 2 мамырда жұмысын бастады. Кәсіпорын ұзартылған жөндеуаралық кезеңге өтті. Енді күрделі жөндеу жұмыстары 2030 жылға жоспарланып отыр, ал 2028 жылы тек жекелеген қондырғыларға қысқа мерзімді қызмет көрсету жүргізіледі.
Бұл зауыттың үздіксіз жұмыс істеуін және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Нұргүл Жолымбетова






