Úı ANONS 20 миллион теңге қайтарылды

20 миллион теңге қайтарылды

фото ШПД
Шымкент қаласының тұрғыны алаяқтардың қолына түскен 20 миллион теңгенің қайтарылуына ықпал еткен Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының тергеушілеріне шынайы алғысын жеткізді.
Жәбірленушінің айтуынша, қылмыстық іс аясында жүргізілген жедел әрі кәсіби тергеу әрекеттерінің нәтижесінде заңсыз иемденілген қаражат толық көлемде қайтарылған.
Тұрғын өз алғысында тергеушілердің жауапкершілігіне, кәсібилігіне және әрбір істі мұқият қарауына ерекше ризашылығын білдіріп, олардың адал еңбегі азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтардың алғысы олардың еңбегіне берілетін ең жоғары баға екенін атап өтті.