Қазақстанның Даму Банкі Түркістан қаласындағы «Керуен-сарай» кешенінің құрылысына қанша ақша жұмсалғаны туралы айтты. Халық арасында «Түркістан Венециясы» деп аталып үлгерген кешенге 87 миллиард теңге жұмсалған, оның жартысына жуығын ҚДБ бөлген.

Жергілікті билік бұл жаңа кешен туристерді тартып, тұрақты жұмыс орындарын көбейтеді деп есептейді және алдағы 20 жылда бюджетке 18 миллиард теңгеден астам салық аударымдары түседі деп жоспарлап отыр.

«Жобаның құны 87 миллиард болды, «Turkistan Silk Way Harbor» ЖШС қарыз алушысының жеке үлесі 47 миллиард теңге (жобаның жалпы құнының 54 пайызы), ҚДБ-ның үлесі 40 миллиард теңге», — деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, банк қаражаты есебінен құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, туристік кешенге арналған жабдықтар сатып алынған.

Шынар Оразова