Қажылыққа аттанған жерлестеріміз елге оралды Жаңалықтар 

Қажылыққа аттанған жерлестеріміз елге оралды

Қажылыққа аттанған жерлестеріміз елге оралды. Қасиетті Меккеге барып, мұсылмандық парызын орындап қайтқан ағайынның алғашқы легі туған-туыстарымен қауышты. 400-ге жуық оңтүстікқазақстандық Арафат тауын аралап, қағбада ғибадат етіп қайтты. Ұшақпен тікелей Шымкентке қонған жамағатты туған-туыстары мен ұл-қыздары, немерелері күтіп алды. Елдің амандығы мен жұрттың тыныштығын тілеп, қастерлі бес парызының бірін өтеп қайтқан келген қажылардың алған әсерлері ерекше. Еске салсақ, Қағбаға тәу етуге биыл Қазақстаннан 3000-нан аса азамат барған болатын. Оның жартысынан астамы біздің өңірден. Ал Сауд Арабиясында қалған жамағат үлкен қажылық сапардан бірнеше күннен кейін оралады.

Read More
Қазақстандықтар қажылыққа түгел аттанды Жаңалықтар 

Қазақстандықтар қажылыққа түгел аттанды

Биыл елімізден Мекке-Мәдина қалаларына үш мың адам аттанды. Олардың жартысынан астамы — оңтүстікқазақстандықтар. Бұған дейін өңірдің азаматтары транзиттік рейстермен бір күнге жуық уақытын, дәлірек айтқанда, 14-16 сағатын жолға шығындаса, енді 6 сағаттың көлемінде қасиетті қалаға баруға мүмкіндік алды. Игі бастама ең әуелі уақыт пен қаржыны үнемдеуге оң ықпал етеді. Енді бесінші парызын өтеуші азаматтар Қазақстаннан ихрам киімін киіп, тікелей Мекке қаласына бағыт алады. Биыл қасиетті сапарға жол тарқандар менингит ауруына қарсы вакцина салдырды. Бұл егу жұмыстары қажылықты өтеуге ниет еткен әрбір мұсылман үшін міндеттелген. Өйткені ауруға қарсы жасалған вакцинаның құжатынсыз…

Read More
Шымкенттіктер алғаш рет қажылыққа тікелей атанды Жаңалықтар 

Шымкенттіктер алғаш рет қажылыққа тікелей атанды

Қажылық парызды өтеу міндет. Ниет еткендерге барлық жағдай жасалып жатыр. Биыл алғаш рет Мекке-Мәдинә қалаларына Шымкеттен тікелей ұшақ қатынасы ашылды. Бірінші рейс төрт жүзге жуық азаматты алып, ұшып кетті. Амангелді Төлепов жұбайы Жайлаубаламен алғаш рет қажылыққа аттануда. Ерлі-зайыптылар пайғамбар жасында арнайы қасиетті Мекке-Мәдинә қаласына жол тартуды жсопарлаған. ЕНді міне мақсаттары орындалып, алла алдындағы парыздарын бірге орындамақ. Биыл қажылыққа аттану үшін қазақстандықтарға 3 000 квота берілген. Оның басым бөлігі — Оңтүстіктен. Айта кетейік, биыл жерлестеріміз тікелей рейс арқылы қажылыққа жол тартты. Шымкент қаласынан шығатын компания ұшақтары Мәдинә қаласына аттанады. Қайтар бағыттары да…

Read More
Жаңалықтар 

Қажылық сапарға аттанған жерлестеріміз елге оралды

Қажылық сапарға аттанған жерлестеріміз елге оралды. Биыл құлшылық мекеніне жолға шыққандар саны 2000 адамға жетіп жығылыпты. Олардың арасында жасы ең үлкені 80-нен асқан қарт болса, ең кішісінің жасы небәрі 6-да. Алланың алдындағы парызын өтеуге жанұясымен жол жүргендер де болған. Араға ай салып Әшірбаевтар әулеті қасиетті қаладан оралды. Құлшылық мекеніне отағасымен бірге жұбайы және перзенті, қарындасы мен ағасы аттанған еді. Енді қасиетті сапардан дін-аман келген жанұя Меккедегі Алла алдындағы парызын өтеушілерді көріп, Құдайға деген құлшылығының артқанын жасырмайды. Ордаман Әшірбаев: «Қажылық — адам баласына бұйырған бақыт, парыз! Ондағы адамдардың санын, көптігін көріп,…

Read More
Қажылық Жаңалықтар 

Оңтүстік жамағаты қажылыққа аттанды

Оңтүстік жұрты қажылыққа аттанды. Қасиетті Мекке қаласына өңірімізден бұл жолы 400-ге жуық жерлесіміз жолға шықты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкіл имамы Ахметжан Керімбек сауапты сапарға аттанғандардың алғашқы легін дұға-тілекпен шығарып салды. Қажылық ғибадатын өтеу — Алланың ұлы нығметі. Бес парыздың бірін орындауға жылдан жылға ниет еткен азаматтардың саны артып отыр. Биыл қасиетті сапарға Оңтүстіктен екі мыңға жуық адам атанбақ. Сапарға жол тартқандар сақадай сай. Бәрінің тілегі бір — қасиетті Мекке-Мадина қаласына барып, дұға-тілек жасау. Қасиетті сапарға аттанғандардың арасында қастарына аналарын ерткен азаматтар да бар. Бір қуантарлығы, қажылық сапарға ниет…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстіктен 1800-ге жуық азамат қажылыққа аттанады

«Оңтүстік» ақпарат орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкілдігі қажылық және Құрбан айты мерекесіне орай брифинг өткізді. Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек, ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров және Шымкент қалалық А.Қаттани мешітінің бас имамы Бағдәулет Абдрахманов, сонымен қатар облыстағы қажылық ұйымдастырушы туристік фирмаларының басшылары мен мешіт имамдары қатысты. Брифингтің басында облыстың бас имамы діни басқарманың қолдауымен өңірімізде атқарылып жатқан игілікті істерге тоқталып, оларды жан-жақты баяндап өтті. — Облыстық орталық мешіттің тікелей ұйытқы болуымен 2015 жылдың 1-30 тамызы аралығында облыс…

Read More