Жаңалықтар Спорт 

Паралимпиадада пәрменді емеспіз

Тұманды Альбионда XXX Жазғы олимпиада ойындарының соңынан іле-шала дене бітімінде кемістігі бар спортшылардың (Паралимпиада) дүбірі басталып кетті. 29- тамыз күні алауы тұтанған дода бел ортасына таяды. Бәсірелі бәсекенің арасында қазақстандық спортшылар да бар. Біздің сайыпқырандар қай межеден көрінер екен? Мұның жауабын бір аптадан кейін білетін боламыз. Олимпиада ойындары тамыздың 29-ы түн ауа (Лондон уақытымен) салтанатты түрде ашылды. Төрт жылда бір келетін ұлы дүрмекті тамашалағандардың қатары қалың. Сапырылысқан стадионға 80 мың көрермен жиналды. Британдық режиссерлер бұл жолы да Ұлыбританияның тарихын, ғылымына қатысты ғажайып қойылымдарды әлем назарына ұсынды. Әйгілі Исаак Ньютонның алмасы…

Read More
Жаңалықтар Спорт 

Сағындырған саф алтын

Лондон Олимпиадасына 7 күн қалды. Ағылшын астанасындағы байрақты бәсекеге Оңтүстіктен сайдың тасындай іріктелген 13 спортшы аттануға әзір. Мойындау керек, бәріміздің көкейімізде үміт пен күдік қыз-қыз қайнап жатыр. Сүзгіден өткен сайыпқырандарымыздың әлеуеті қандай? Берсе жолынан, бермесе қолынан тартып алатын ақберендеріміз жеңісті жолды жалғастыра ала ма? Әріге бармай-ақ, беріректен сөз қозғасақ. 2000 жылы мәңгі жасыл құрлық атанған Аустралияда асығымыз алшысынан түсіп, боксшыларымыз Бекзат Саттарханов пен Мұхтархан Ділдәбеков айды аспанға шығарған. Ерен Бекзаттың алтын жүлдесі әліге дейін жадымызда. Алып Мұхтарханның күмісі де алтынмен пара-пар еді. Куба батыры Рубалкабаны құлаштай сермеп ұрып, есінен тандырғаны…

Read More