Шымкентте Түркі әлемінің суретшілері бас қосты АНОНС Жаңалықтар 

Шымкентте түркі әлемінің суретшілері бас қосты

Оңтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің үлкен мəжіліс залында облыстық мəдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжановтың қатысуымен Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы жылы аясында TURKSOY ұйымына мүше елдер суретшілерінің ХХ пленэрі бойынша дөңгелек үстел өтті. Пленэрдің мақсаты — тәуелсіз еліміздің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ғасырлардан сыр шерткен қасиетті мәдени сәулеттік ескерткіштерін, тарихи орындар мен ұлттық өнерді насихаттау мақсатында түркі тілдес елдердің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері жəне талантты қылқалам шеберлерімен кескіндеме саласы бойынша өзара тәжірибе және пікір алмасуды жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар Оңтүстік өңірінің өзіндік табиғи географиялық ерекшеліктері мен көз тартарлық орындарын бейнелейтін…

Read More
Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды Жаңалықтар 

Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Конкурстық іріктеу бұл лауазымды енді Ахметжанов Нұрболат атқарады. Нұрболат Ахметжанов 1963 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша — концерттік орындаушы, оқытушы, заңтану бакалавры. 1990-1998 жылдары Павлодар облыстық филармониясында концертмейстер, оркестр директоры, оркестр әртісі, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы атындағы Павлодар педагогикалық институтында педагогика және музыкалық-эстетикалық тәрбие беру кафедрасының оқытушысы қызметтерін атқарған. Мемлекеттік қызметтегі өтілін 1998 жылы Павлодар облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары ретінде бастаған. 2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінде халық шығармашылығы және аймақтық саясат басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі аппараты заң бөлімінің бас консультанты…

Read More
Оңтүстікте 200 мәдениет үйі қажет Жаңалықтар 

Оңтүстікте 200 мәдениет үйі қажет

Оңтүстіктегі 200 елдімекенге мәдениет үйлері қажет. Ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін өтеу үшін биыл мемлекет қазынасынан 172 млн теңге бөлінген. Бұл туралы бүгінгі брифингіде облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан мәлім етті. Оның айтыунша, тиісті қаражатқа қазір 18 мәдениет ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта қалпына келтірілуде. Сондай-ақ бір ғана Сарыағаш ауданында жаңадан төрт мәдениет үйі салынып жатыр. Айта кетейік,  өңірде 730 өнер мекемесі жұмыс істейді.

Read More
Пара Жаңалықтар 

Мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасарына сот үкімі шықты

Оңтүстікте мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы А.С. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі жетекшісінің орынбасары өзінің қызмет бабын жеке басының мүддесі үшін асыра пайдаланаған деп хабарлайды ОҚО сотының баспасөз қызметі. «Басқарма басшысының орынбасары К есімді азаматты 1000 АҚШ долларына жұмысқа орналастырамын деп уәде берген. Айыпталушы мұнымен қоса Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты аудандық мәдениет үйі басшылығының бұйрығымен құрылған жұмыс комиссиясының мүшесі бола отырып, өзінің қызметтік кабинетінде С. есімді азаматтың жұмыс атқарғаны жөнінде актіге қол қоюы үшін 20 мың теңге алған. Шымкент…

Read More
Мәдениет басқармасы Жаңалықтар 

Оңтүстіктің өнерпаздары 127 млн теңгеден аса табыс тапты

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мәдениет және өнер мекемелері жыл басынан бері 2 000-нан астам мәдени іс-шаралар мен концерттер, спектакльдер қойып, 127 млн 709 мың теңгеге ақылы қызмет көрсеткен. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары А.Темірхан мәлім етті. Мысалы, өңірдегі 8 кәсіби театрда 1940 спектакль сахналанып, оған 238 мың көрермен қамтылды. Нәтижесінде ақылы қызметтен 81 млн теңгеден астам қаржы түсті. Ал Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония 181 концерт қойып, одан 22 млн 381 мың теңге табыс тапқан. Балғындарға қуаныш сыйлаған «Оңтүстік-Цирк» ұжымы «Алақай-балақай» және «Таңғажайып керуен» атты…

Read More
Мәдениет басқармасы Жаңалықтар 

Жағдайы жасалмаған театрдың көрермені аз

Оңтүстікте сегіз театр қызмет етсе де маусым сайын жаңа спектаклдерін сахналайтын өнер ордасына келушілердің қатары қуантпайды. Ал ашық аспан астындағы ескерткіштер қараусыз қалған. Ол аздай, мәдени ошақтар өздеріне міндеттелген ақылы қызметті орындай алмай отыр. Бұл өзекті сауалдар облыстық мәдениет басқармасындағы алқа мәжілісінің отырысында мәлім болды. Облыстағы 743 мәдениет және өнер мекемесінің атқарған жұмысын басқарма басшысының орынбасары Асылхан Темірханов мәлім етті. Он айда 22 мыңнан аса мәдени іс-шара өткізіліпті. Оның ішінде алтауы ғана республикалық байқау мен фестиваль. Ал кәсіби сегіз театр қырыққа жуық қойылымды сахналап, көпшіліктің көңілінен шыққан. Алайда келушілердің саны…

Read More