Республикалық параолимпиадалық ойындар Шымкентте жалауын көтерді

471
Спорт - Әлем елшісі

Еліміздің бір қатар облыстарынан жиналған 507 жарысқа қатысушы спорттың 6 түрі бойынша ептілігін байқайтын болады. Турнирге тек мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысады, сол себепті спорт кешендері арнайы жөндеуден өткен. Жарыстың ашылу салтанатында туризм және спорт министрлігінің өкілдері де тілегін аямады. Алдағы уақытта бұл жарыстың шеңберін кеңейтіп, демеушілердің арқасында чемпиондарды да тәрбиелейміз дейді спорт тізгінін ұстаған ағалар жағы.

Елсияр Қанағатов, ҚР Паралимпиадалық комитетінің президенті: «Паралимпиадалық ойын бес күнге жалғасады. Бұл дода Лондонда өтетін дүбірлі сайыс алдындағы дайындық деуге де болады. Бүгінде 17 спортшы жолдама үшін таласуда, олардың арасында шымкенттік жалғыз спортшы да бар.»

Бұл ақтық сын. Бұған дейін отандастарымыз өз өңірінде іріктелініп, 2500 мың спортшының арасынан үздік танылған. Енді шым қалада шеберлік танытса, ел құрамасының қатарын толықтыруы мүмкін.