Тоғыстағы кәріз жүйесін депутаттар өз бақылауына алады Жаңалықтар 

Тоғыстағы кәріз жүйесін депутаттар өз бақылауына алады

Шаһар аумағына Төле би ауданынан қосылған Тоғыс елдімекеніндегі кәріз жүйелері Шымкент басшылығының бас ауруына айналды. Мұндағы кәріз жүйелерінің істен шығып, қалдық судың Бадам өзеніне құйылып жатқанына бірнеше ондаған жыл болған. Алайда ол жүйені қалпына келтіріп, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге әрекет еткен мекеме болмаған. Енді қалалық мәслихаттың депутаттары осы мәселені өз бақылауларына алды. Еске салар болсақ, қоқысқа толып жатқан Бадам өзеннің екі жағалауын абаттандыру үшін бюджеттен қыруар қаражат бөлінген. Шенеуніктер талан-таражға салған теңгеден қалғанына осы жұмыстар атқарылды. Бірақ өзен суы бастауының ластанап жатқанына бірталай жыл болған. Оған бала-шаға шомылмақ түгілі…

Read More
Шымкентте жүргізуші бір топ адамды қағып кетті Оқыс оқиға 

Шымкентте жүргізуші бір топ адамды қағып кетті

Шымкентте көлік жүргізушісі бір топ адамды қағып кетті. Соның салдарынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 28 шілде күні сағат 7 шамасында полиция бөліміне Шымкентке қарасты Тоғыстағы көшелердің бірінде жол-көлік оқиғасы болғаны жайлы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлерінің анықтағаны, 1996 жылы туған Төлеби ауданының тұрғыны Мерседес автокөлігімен Леңгір қаласына бет алып келе жатқан кезінде көліктің рөлін игере алмай, автобус аялдамасында тұрған бір топ жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Соның салдарынан екі жүргінші — 50 жастағы әйел мен 39 жастағы азамат алған ауыр ден жарақаттарынан…

Read More
Тоғыстағы сорғы жөнделіп, халыққа су беріле басталды Жаңалықтар 

Тоғыстағы сорғы жөнделіп, халыққа су беріле басталды

Тоғыс тұрғын алабына қарасты елдімекендердегі 4 500 отбасы тәулік бойы су ішетін болды. Бүгін қайта жөндеуден өткен су сорғыш орнатылды. Бұған дейін осы қондырғы істен шығып, тұрғындардың су азабын тартып отырғанын айтқан болатынбыз. Мәселені тілшілерден естіген қала басшысы жауаптыларға тапсырма беріп, су сорғыш қондырғысын ауыстыруды міндеттеген болатын. Тереңдігі 50 метр құдықтан алынған бұрынғы су сорғыштың қуаты сағатына 60 текше метр су тартуға жетеді. Ол Тоғыс алыбындағы 4500 тұтынушыны таза сумен толық қанағатандыра алмады. Амалы таусылған «Ленгір су» мекемесі бір ай бойы тіршілік нәрін күнәра беруге көшті. Нәтижесінде мәселе түбегейлі шешімін…

Read More
Тоғысқа су берілетін күн жақын Жаңалықтар 

Тоғысқа су берілетін күн жақын

Тоғыстықтардың тәулік бойы тіршілік нәрін ішетін күні жақын. Бүгін белгілі болғандай, елдімекен тұрғындарын ауызсумен қамту жұмыстары қарқын алған. Қала әкімінің тапсырмасына сай тереңдігі 50 метр ұңғымадан су тартатын қондырғы жөнделіпті. Енді, бұйыртса, күн соңына дейін су сорғыш орнатылса, су тапшылығын тартқан 4 мыңға жуық халықтың мәселесі шешіледі. Ал әзірге «Ленгір су» мекемесінің мамандары қуаттылығы төмен қондырғымен күнәра су беріп отыр.

Read More
Жаңалықтар 

Тоғыс тұрғындары тіршілік нәріне жарымай отыр

Шымкент қаласының аумағына жаңадан енген Тоғыс тұрғын алабының халқы 3-4 айдан бері ауызсуға жарымай отыр. «Қалаға қосылғанымызға қуанып едік, ол алысқа бармады» деп налиды мұндағы тұрғындар. Зинаида Головкова тіршілік нәрін су сорғышпен алады. Жасы 85-тен асқан ол үшін бұл оңай шаруа емес. «Бұл суды ішуге болмайды, тек бақша дақылдарын суғаруға болады» деп ескертушілер де болыпты. Бірақ сусыз қалай өмір сүрем деп қынжылады әжей. Зинаида Головкова, Тоғыс тұрғын алабының тұрғыны:»Қазір қандай ыстық. Мен көп шай, су ішемін. Сондай-ақ, жуынғым да келеді.» Тоғыс тұрғын алабындағы 500-ден астам отбасы ауызсудың тапшылығын 5 айдан бері…

Read More
Жаңалықтар 

Тоғыстағы үйлерді су басты

Төтенше жағдай департаменті мен әкімдіктің қызметкерлері Төле би ауданындағы үйлерді су басу оқиғасының себептерін тексеріп жатыр. Еске салсақ, 22-наурыз күні толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Сұлтан Рабат және Тоғыс ауылындағы үйлерді су басқан болатын. Мына ырсиған қабырға мен іргетастың ажырауы, ауладағы балшық пен көлкіген судың орны — толассыз жауған жаңбырдан кейінгі көрініс. Бірер сағаттың ішінде Шымкент-Ленгір тасжолына жақын орналасқан үйлерді су басты да қалды. Тұрғындар бұрын осы маңдағы арықты жол салушылар бітеп кеткенін айтады. Зульфия Леспекова: «Бұрын су тасығанда үлгеретін едік. Бұл жолы қатты болды. Бұрын су тасығанда мұнда жол жоқ…

Read More