Шымкенттің футболшы қыздары Еуроппада тәжірибе алмасты

208
бұл жеткіншектер қыздар футболының болашағы

Оңтүстікте қыздар футболы қарқынды дамып келеді. Жыл сайын халықаралық жарыстарға шығып, жерлестеріміз Еуроппалық аренада тәжірибе жинақтауға тырысуда. Биыл да 17 жастағы қыздар құрамасы Австрияда топ жаруға тырысты. Үш ойында қарсыластармен жасыл алаңда кездесті.

Нұрлан Орынбаев- №7 футбол мектебінің директоры:
«Ойынның нәтижесі көңілден шыға қоймағаны рас. Алайда біз қиын топқа түсіп қалғанымызды ескеру керек. Шотландия, исландия және австрия. Олардың әйелдер футболы бізге қарағанда ондаған жылдарға ілгері дамып кеткен. Бізде олар да қалыс қалмай отырмыз, соңғы екі жылдың ішінде алға қадам жасадық деп ойлаймын.»

Әр бір жарыс – тәжірибе жинақтауға жақсы мүмкіндік. Өткен жылға қарағанда бойжеткендеріміз биыл жақсы нәтиже көрсеткен сыңайлы. Шыдамды болсақ келесі жылдары еуроппалық аренада ұпай алуға да болады.

Нұрлан Орынбаев- №7 футбол мектебінің директоры:
«Өзімізбен бірге арнайы оқулықтар алып келдік. Ол жақтың бапкерлерімен танысып, жұмыстарын да көрдік. Әрине, автрияда әйелдер футболына үлкен көңіл бөледі. Бірнеше стадиондары бар. Ойынға жанкүйерлер көп келеді. Ауа райы да қолайлы. Сол себепті де оларға қарсы тұру мүмкін боламыд.»

Әйелдер футболының күнтүзбесінде халықаралық жарыстар тым аз. Сол себепті де алға қадам жасау қиындау. Соның өзінде жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетуде. Биыл төрт жас рекешелігінде де қыздарымыз чемпион атанған. Премьер лига командалары арасында жерлестеріміз жеңімпаз болды. Енді еуроппалық аренада топ жару ғана қалып отыр. Келесі жылға жоспарды биыл құрып та қ ойған. Ол – чемпиондар лигасының келесі айналымына жолдама жеңіп алу.