Облыстың өнерлі ұстазы анықталды

Ұстаздар бұл кеште ән салып, домбыра шертті, бар өнерлерін салып бақты

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға. Облыстық деңгейде ұйымдастырылып отырған «Өнерлі ұстаз» байқауының басты ұраны осы болды. Оңтүстіктің кәсіптік білім беру саласындағы іріктеу кезеңдерінен өткен 24 маман бақ сынасқан шарада әрбір қатысушы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына жасаған көрнекілік құралдары мен өзін таныстыру , білім беру әдістері және өз өнерін паш етуі керек болатын.

Бахытжан Ешенқұлов, ұйымдастырушы:

Байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Өйткені осындай шара арқылы ұстаздар қауымы тек сабақ беріп қана қоймай, дарынды, шығармашыл, талантты жандар екендіктерін де дәлелдей алады.

Сахна төрінде шәкірттерді тәрбиелеу әдістерімен бөліскен ұстаздар қауымы мұндай іс-шаралардың тәжірибе алмасуда берері көп дейді.

Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдеге № 6 және № 21 кәсіптік лицей мұғалімдері лайық деп танылса, бірінші орынды №1 және №3 кәсіптік сала мамандары өзара бөлісті. Енді жеңімпаз 17 қарашада өтетін облыстық ұстаздар сайысына қатысатын болады.