Шымкенттің бойжеткендері Еуропа біріншілігінде сынға түспек

421
Ел кубогінің қола медаль иегерлері келесі белесті бағындыруды көздейді

Қалалық №7 футбол мектебінің жастары ересектер арасында алғаш рет топ жарды. Ел Кубогын сарапқа салған сайыста бұл команда жүлделі болады деп бапкерлер күтпеген де болатын. Күміс медальға таласқан жерлестеріміз өз қақпасына автогол соғып алып, Көкшетаулық қарсыластарынан ғана жеңілді. Кейінгі матчта қарағандылықтардан басым болып, облыс тарихында алғаш рет үшінші орыннан көрінді.

Бұл жастардың басым бөлігі ел құрамасында
Бұл жастардың басым бөлігі ел құрамасында

Нұрлан Орынбаев, қалалық  №7 футбол мектебінің директоры: «Жарыстың нәтижесі көңілден шығып отыр. Көкшетаулықтармен ойында қақпашы қорғаушымен бірге қателік жібермегенде, екінші орыннан көрінер ме едік… Дегенмен, бұл жетістік те жаман емес. Қыздар маңызды ойын көрсетті. Соңғы екі жылдан бергі еңбегіміздің жемісін енді көріп отырмыз деуге де болады. Енді ел чемпионатында топты жарсақ деп отырмыз.»

Команданы болгариялық маман жаттықтырады. Шетелдік бапкер келгелі қыздардың доп тебу техникасы өзгерген. Пас беріп, қақпаға доп бағыттауды да олар осы спорт ордасында үйренді.

Ел кубогінің қола медаль иегерлері келесі белесті бағындыруды көздейді
Ел кубогінің қола медаль иегерлері келесі белесті бағындыруды көздейді

"БИИК-№7 ДЮСШ" командасы енді  ересектер арасында күмістен алқа тағуды армандайды

№7 футбол мектебінің 13-14 жасар қыздары да республикалық турнирде жүлделі болды. Теңбіл доп жарысында жерлестеріміз бір алтын және бір қола медальды қоржынға салды.

№7 футбол мектебінің бұл шәкірттері өз жас ерекшелігінде оқ бойы озық шыққан футболшылар
№7 футбол мектебінің бұл шәкірттері – өз жас ерекшелігінде оқ бойы озық шыққандар
Қыздар жаттығуларын күшейткен
Қыздар жаттығуларын күшейткен

оңтүстік құрамасы "Теңбіл доп" Ресупбликалық жарыста жеңімпаз атансақ деп жоспар құрады

Ендігі мақсат еуропалық жарыстарда сынға түсу
Ендігі мақсат – европалық жарыстарда сынға түсу

Биыл қыздарды жаттықтыруға бір қатар жаңа мамандар жұмысқа қабылданған

Биыл қыздар командасы Европа ареналарында да ептілік танытуға тырысады. 17 жасар футболшыларымыз биыл Болгарияда өтетін кәрі құрлық біріншілігінде сынға түсетін болады.