Оңтүстікте 4 жоғары оқу орнының лицензиясы тоқтатылады

363

Жаңа оқу жылында облыста бірқатар білім ордалары жұмысын тоқтатады. Алты айда атқарған тірлігін қорытқан облыстық прокуратура өкілдері осындай мәлімдеме жасады. Қадағалау органының қызметкерлері алдағы қыркүйектен бастап 4 бірдей жоғары оқу орнының лицензиясы тоқтатылады деп кесіп айтты.

555555555555555555555555555555555555555555555

Бұдан кейін әңгіме ауаны қылмыс тақырыбына бұрылды. Прокурордың айтуынша, 2015 жылдың 6 айында криминогендік ахуал қылмыстар санының 30,4 пайызға өсуімен сипатталады. Жалпы, онша ауыр емес қылмыс – 85 пайызға, ауыр қылмыс – 17 пайызға, ал аса ауыр қылмыс саны 6,7 пайызға көбейген.

Жыл басынан бері облыста есірткіге қатысты 160-тан астам қылмыс пен 700-ге тарта қылмыстық теріс қылық тіркелген. Қылмыстың осы түрімен күрес шараларын жүргізу кезінде 4 есірткі притоны мен 50 шақты есірткі ошағы жойылған.

Сондай-ақ облыста құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты 19 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды. Конституциялық құқықтарды бұзғаны үшін 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал бюджет қаржысын талан-таражға салған пысықайларға қатысты сыбайлас жемқорлық санатындағы 11 қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ 295 млн теңге көлемінде қаржыны заңсыз жаратудың 18 дерегі анықталды. Атап айтқанда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соның ішінде 37 млн теңге қаржыны жымқыру деректері бойынша 3 қылмыстық іс сотқа жолданды. Сотта мемлекеттік сатып алу бағытында анықталған заң бұзушылық бойынша прокурорлар 22 тексеру жұмысын жүргізген. Барлық шаралар бойынша 4 қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ 22 лауызым иесі тәртіптік, 23 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде қылмыстық ортаның 12 белсендісі қолға түскен.

Биыл облыс аумағында қылмыс жасап, шетелде бой тасалаған 5 қылмыскер елге жеткізіліп, олардың біреуі сот үкімімен сотталды. Өзге мемлекеттен пана іздеген тағы 32 күдіктіге Интерпол жүйесі арқылы халықаралық іздеу жарияланып отыр.