Бес жасар баланы ұрлағандар 7 жылға сотталды

Оңтүстікте бес жасар баланы ұрлағандар 7 жылға сотталды. Топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы жасалған қылмысты іс Түлкібас аудандық сотында қаралды.

Тергеушілердің мәліметінше, сотталушы Қойшыбекова өзінің танысы Әділовамен сөз байласып, бала ұрлауды жоспарлайды. Кейін сот барысында айыпталушы азаматша баласы жоқ болғандықтан, ұрлаған бүлдіршінді өзіне алып қалғысы келгенін айтады.

Бес жасар баланы ұрлағандар 7 жылға сотталды

Қазіргі таңда екі әйелде де айыпты деп танылып отыр. Олар 7 жылға сотталып, жазаларын жалпы режимдегі түрмеде өтейді.

Еске салайық, бұл қылмыс 2016 жылдың көктемінде болған еді. 29 наурыз күні кешке Түлкібас аудандық ішкі істер бөліміне ауылдағы учаскелік инспектордан суыт хабар келіп түседі. Тәртіп сақшысы Састөбе аулында 5 жасар баланың жоғалып кеткенін мәлімдейді.

Оқиға орнына тез арада жеткен жедел-тергеу тобы сағат 17:30 шамасында 2011 жылы туған балақай ойын қуып, үйінен шығып, қайта оралмағанын анықтаған.

Полицейлер баланы көрген азаматтар мен өзге балардан сұрастыру барысында жоғалған бүлдіршінді балмұздақ және тәттілер алып беремін деп, белгісіз әйел өзімен бірге алып кеткенін анықтайды. Тәртіп сақшылары тез арада барлық полиция бекетіне баланың жоғалғаны жайлы бағыттама жолдап, бұл фактіні сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркейді.

Жедел іздестіру іс-шараларын жалғастырған полицейлер санаулы сағаттардан соң жоғалған баланы көрші ауылдағы күдіктінің үйінен тапты. Бүлдіршінді алып кеткен 30 жастағы Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары баланы дені сау, ешбір зақым келмеген күйде ата-анасына табыстады. Жоғалған баланың ата-анасы Түлкібас ауданының полицейлеріне кәсіби шеберліктері үшін алғыс айтты.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР