//
Шымкентте полиция капитаны пара үшін жазаланды Жаңалықтар Оқыс оқиға 

Оңтүстікте пара алған депутат ұсталды

Оңтүстікте сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған деген күдікпен бірнеше лауазымды тұлға ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО-дағы департаменті хабарлайды.

Шымкентте полиция капитаны пара үшін жазаландыНақты айтқанда, 200 000 теңге пара алып жатқан жерінен Ә.Қастеев атындағы облыстық өнер және дизайн колледжінің директоры ұсталған. Ол бұл параны оқытушыдан колледжге талапкердің оқуға түсуі және педагогикалық сағатты көбейту үшін алмақ болған.

Қазіргі таңда ұсталған азамат қалалық ішкі істер басқармасының уақытша тергеу абақтысына қамалды. Ол қалалық мәслихаттың бесінші және алтыншы шақырылымына депутат болып сайланған.

Бұған қоса “Айсана ана” және “Жас шуақ” балабақшаларының құрылтайшысы мен меңгерушісі ұсталды. Ол балабақшада тәрбиеленетін бүлдіршіндердің жалған тізімін жасау арқылы “Балапан” мемлекеттік бағдарламасы арқылы бөлінген бюджеттің 10 000 000 теңгесін жымқырған.

Қазір бұл азамат Мақтаарал аудандық ішкі істер бөлімінің абақтысында қамауда жатыр. Осы екі факті бойынша тергеу-тексеру жалғасуда.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz