Алаяқтан абайлаңыз! Ғаламторда «Отырар» медиахолдингінің атын жамылғандар пайда болды

Абайлаңыз, алаяқтар! Ғаламторда «Отырар» медиахолдингінің атын жамылғандар пайда болды. Кешелі-бүгін ғаламторда мемлекеттен пәтер алу туралы хабарландыру тарап кетті. Ондағы бүркеншік атты жамылғандар бар болғаны 20 теңгеге үй алып береміз деп халықты сендіріп отыр.

Алаяқтан абайлаңыз! Ғаламторда "Отырар" медиахолдингінің атын жамылғандар пайда болды

Алаяқтардың хабарландыруына тап болғандар «Шұғыл шақырылым» бағдарламасының ватсап желісіне сұрақтарын жаудыруда. Бар болғаны 20 мың теңгеге баспаналы боласыз деп сендіргендердің жарнамасы ватсапта тез тарап кеткен. Ірі медиахолдинг тілшісінің атын жамылып, жарнама бергендердің кім екені әзірге белгісіз. Рыскүл есімді қала тұрғыны жарнамада көрсетілген нөмірге хабарласып, тексермек болады. Бірақ, телефон өшірулі. Олар тек ватсаппен ғана хат алмасады екен. Мұның өзі күдік туғызатын себептің бірі.

Алаяқтан абайлаңыз! Ғаламторда "Отырар" медиахолдингінің атын жамылғандар пайда болды

Осы тұста айта кету керек, «Отырар» медиахолдингінің тілшілері «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» арқылы баспана алу үшін құжат қабылдау басталғаны жайлы хабарлады. Ол үшін кезекте тұрған азаматтар электронды қолтаңбасы арқылы халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттарын өздері өткізіп, қадағалайды. Баспанаға мұқтаж жандарға пәтер Төлеметов көшесіндегі екі үйден беріледі. Осы жаңалықты пайдаланғысы келген пысықайлар баспаналы болғысы келетіндер алдымен 20 мың теңгені киви-әмиянға салып, пәтерге тұра беруге болады деп таратып жіберіпті. Дәл осы жаңалықты жасаған тілші алаяқтардың ісіне аң таң.

Алаяқтан абайлаңыз! Ғаламторда "Отырар" медиахолдингінің атын жамылғандар пайда болды

Ендеше, сіз де алданып қалмаңыз, көзі қарақты көрермен! Азаматтарды оңай олжаға сеніп, алданып қалмауға шақырамыз. Әзірге жәбір көргендер жайлы мәлімет жоқ. Ал егер алданып, ақша салып қойсаңыз, тез арада полицияға арыздану қажет.

Ернар Балабеков

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР