«Базар жоқтың» жігіттері Шымкентте

«Базар жоқ» әзіл ысқақ театрына бір жыл толды. Осы айтулы мерекелеріне орай өнерлі ұжым  дайындық үстінде. Алда Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығына  20 концерт қоямыз деп жоспарлаған жігіттердің бұл Шымкенттегі 15-ші кеші екен. Ал 20-шы концертті олар елордамыз Астана қаласында желтоқсан айында бермек.

Шымкент бізді өте қонақжайлылықпен ерекше ықыласпен қарсы алды. Оған қатты қуанып тұрмыз. Залда ине шаншыр жер жоқ. Лық толған. Бұл біздің өнерімізді бағалайтын, бізді шын жүректен тындайтын көретін халықтың мұнда да бар екендігін білдіреді дейді театрдың көркемдік жетекшісі Тұрсынбек.

Ертен жігіттер Қызылорда көрермендерін өз әзілдерімен қуантпақ. Сонымен бірге олар келесі жылдан бастап бағыттарын өзгертіп әзіл мюзиклге ауыспақ ниетте. Ал қазан айынд «Базар жоқ» әзіл ысқақ театры  бір жылдық мерей тойларын Астана қаласында атап өткенді жоспарлап отыр.