Úı Jańalyqtar Шымкентті шын сүйетіндер анықталды

Шымкентті шын сүйетіндер анықталды

депутатардың қошаметі

Шымкент қалалық әкімдігі «Нұр Отан» ХДП шымкент филиалы мен ОҚО «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы ұйымдастырған «Шымкент менің сүйікті қалам» атты 4 айлық акциясы қорытындыланды. Нәтижесінде, ұйымдастыру алқасына келіп түскен 93 өтінішке сәйкес, арнайы құрылған комиссия мүшелері «Үздік көше» , «Үздік аула», «Үздік үй» ,»Үздік аудан» номинацияларының жеңімпаздарын анықтады.

Үздік көше аталымы бойынша, бірінші орында «Айқап» шағын ауданындағы Рамазан көшесі. Үздік аула бойынша 17 шағын аудандағы №7а үй ауласы, Үздік үй номинациясы Әл Фараби көшесіндегі №99 үй, Үздік аудан аталымында Әл Фараби ауданы озық деп танылды.

Жеңімпаздарға алғыс хат пен демалыс орындарына жолдама табыс етілді.