Мейірхан Фузаилов бостандықтың бағасын білетін жан. Қысты күні ауласында қар күреген оны көршісі машинамның терезесін сындырып,ішінен 26 мың АҚШ долларын және бағалы қалта телефондарымды ұрлаған деп айыптаған. Тергеу изоляторында қамауда жеті ай бойы отырып, нақақтан күйе жағылған Фузаилов Еңбекші аудандық сотының шешімімен ақталып шықты.
«Жеті айда бостандықтан үмітім де үзілген еді. Әділдік бар екен.
Отбасымның атынан судья М.Жорабаевқа алғысымды білдіремін»-дейді жаладан жапа шеккен жан.