Қала әкімінің жиыны грекиялықтарды қабылдаумен жалғасты. 160 мыңнан астам тұрғыны бар Ахарнон қаласы Шымкент шаһарына бауырмал қалалардың қатарына жатады. Қала мэрі Сатирус Дуростың мәлімдеуінше ондағы тұрғындардың 20 пайызы қазақстанмен тығыз қатынаста өмір сүреді екен.
Шымкент қаласы күні мерекесіне арнайы құтықтаумен келген 4 делегаттың бірі Саввидис Константинос ОҚО бадам станциясында дүнеге келіп 1974 жылға дейін Қазақстанда өмір сүрген. Бүгінде Қазақстанды анам Грекияны әкем деп бағалайтын азамат қазақ тілін жақсы біледі.
Ахарнон қаласының халқы Шым шахардың тұрғындарынан кем болғанымен басшылық жүйесі мен бюджеті ұқсас келеді. Қала бюджеті біздің ақшамен 40 млярд тенгені құрайды екен. Қалада 45 муниципалды кеңес мүшелері бар. Біздіңше қалалық мәслихаттың депутатары өзара пікір алмасып ой бөліскеннен кейін қонақжай кәдемізге сай грекиялық делегетерға шапан жабылды. Шымкент қаласы Грекиялық Ахарнон қаласымен 2007 жылдан бауырлас қала деп есептеледі.