Халық жаңалығы 

Құрбан айт мерекесі қарсанында мал бағасы қымбаттады

Жексенбі күні барша мұсылман жамағат Құрбан айт мерекесін тойлайды. Ол күні құрбандыққа мал шалынып, ақ дастархан жайылады. Қасиетті мереке қарсаңында мал бағасы біршама көтерілгені байқалады. Бұл жағдай түсінікті де. Ал құрбандыққа шалынған мал қайда апарып сойлады?

Құрбандыққа мал шалуға ниет білдіргендер қой сататын орындарды аралап, мал таңдауда. Әруақтарға құран бағыштап сойылатын мал құрбандық талаптарына сай болуы тиіс. Бағасы да қол жетімді болғаны маңызды.

Құрбандыққа шалынатын қойдың мойнына арнайы биркалар ілінеді. Бұл шатасып кетпес үшін жасалынады дейді кәсіпкер. Қалада мал ұстайтын орындары болмаған азаматтар шалынатын құбандығын осында қалдырады. Мына қорадағы малдар арнайы Құрбан айтқа Ордабасы, Алғабас аудандарынан жеткізілген. Оларды байлағанымызға 4 ай болды дейді Сайфулла Күлтораев

Көпшіліктің ыңғайына қарай, мұнда қой соятын жер де қарастырылған. Мұндай орындар құрбандық шалу талаптарын орындауға мүмкіндік береді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz