Аула алдында ойнап жүрген 3 жасар баланы ит қауып, бүлдіршін ауруханаға түскен. Бала Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болды.
Оқиға 18 қазан күні орын алған. Есен Сайрам ауданының Қарабастау ауылынан9-қараша күні ауруханаға жеткізіліпті. Ит баланың ең қауіпті жерлері: беті мен мойнын тістеген. Балаға құтыру ауруы, іріңді менингит, мидың ісіну деген диагноз қойылған.
10 қараша күні кешке 3 жасар Есен М., қаза болды.
Осыдан кейін Қарабастау ауылының түрғындары балаларын сыртқа шығаруға қорқып қалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, қаңғыбас иттерді тіпті күндіз де аулай бастаған.