90 жылдары сынақ ретінде пайдалануға берілген Темірлан тас жолындағы 1 «а» үй- соңғы 20 жылда қараусыз қалып, салдарынан коммуникация жүйелері әбден тозған болатын. Арызданып, бармаған жері қалмаған тұрғындар еш нәтиже шықпаған соң, өздері әрекетке көшті. Комиссия құрылып, ортадан ақша жиналып, кәріз, ауыз су жүйесі жаңалады.
Енді кезекте шұрық тесік шатыр тұр. Жауын- шашында толып қалатын жер төлесі бар. Ондағы элеватор түйіні, тесілген құбыр бөліктері ауыстырылды. Бірақ жылу жүйесі, тік құбыр бағаналары толық жаңалауды қажет етеді. Бұл тараптан аудан әкімдігі қолынан келген көмекті көрсетуде.
Абай аудандық әкімдігінің бас маманы Гүлжан Алтаева: «Аудандық әкімдік қаржы жағынан көмектесе алмайды, өйткені өз бюджеті жоқ. Алайда жөндеу жұмыстарына қажетті материалдар, сала мамандарының жұмысын үйлестіруге көмектестік. Жер төледегі суды шығаруға төтенше жағдайлар департаменті техника берді».
«Жалпы пайдаланудағы мүлікті біреу жөндеп береді деген көзқарастан арылу керек»,- дейді маман. Алайда, тұрғындар да өз уәжін алға таруда. «Барлығы жұмыссыз қалғанда, тиісті мекемелердің қызмет көсретуден бас тартуы дұрыс емес. Бұл қызметті жалғастырып, төлемді түбіртек арқылы жинау керек еді. Ол сомма 150, 500 теңге болады ма? Немесе несиеге. Бірақ, сол тоқырау кезеңінде нақты ақша қажет болып, қалталылар мемлекет мүлігін жекешелендіріп алды. Электр жарығы, жылу, қоғамдық көлік барлығы дерлік монополистердің қолында. Қазіргі күрделіктердің барлығы осыдан».
Тұрғындардың айтуынша, кезінде жалпы пайдаланудағы жер төледен шатырларға дейін тұрғын үй шаруашылығы бөлімдері кезегімен жөндейтін. Ал қазір болса кондоминимум, жаңғырту мемлекеттік бағдарламалары пайда болғанымен тек қағаз жүзінде ғана. Істеліп жатқан жұмыс жоқ. Демек, оның қажеті қанша? Біз өз міндеттерімізден бас тартпаймыз, алайда билік те халықтың тұрмысына көңіл бөлсе екен,- дейді жергілікті жұрт.