«Сенің анаң алтын, менің анам алтын», «балапан бақыт» сынды әндері бүгінде өнер сүйер қауымның жүрегіне жол таба білген дуэт Самат пен Назгүлдің жақында «Ғашық жүрек» атты әндеріне түсірілген бейне клип жарыққа шықты.
Бұл туындыны біз ұзақ жылдар бойы концерттік кештермен тойларда орындап жүрген болатынбыз. Алайда соңғы кездері неге осы әндеріңізге бейне клип түсірмейсіздер деген ұсыныстар көптеп түсіп кетті. Сонымен ойлана келе жаңа бейне клипті түсіруді шештік.
Ал жалпы туынды көңілімізден шықты. Алайда ендігі бағасын көрермен береді дейді әнші Самат. Қазір дуэт концерттік кештеріне дайындық үстінде.