Өміріңізді енді аннуитеттік компания сақтайды

Бұдан былай еңбек өндірісі кезінде жазатайым жағдайдан кез келген компания сақтандыра алмайды. Енді бұл іспен тек аннуитетті мекемелер ғана айналысады. Қазақстанда мұндай 7 компания бар. Бірақ оның тек біреуі ғана мемлекеттік мекеме болып саналады. Енді осы компания ғана жаңа жылдан бастап жазатайым жағдайдан сақтандыратын болады.

Сейсен Мырзатаев,»Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы АҚ ОҚОФ директоры: «Жаңа заң бойынша, еңбеккердің бұрынғыдай жазатайым жағдайдан қаншалықты зардап шеккенін дәлелдеп жатуының қажеті жоқ. 1 қаңтардан бастап өтемақы айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді. Ол жұмысшының еңбекке жарамсыздық дәрежесі бойынша есептелінеді».

Жаңа ереженің тағы бір ерекшелігі, зардап шеккен еңбеккерге жұмыс беруші өтемақыны бір жылдың ішінде төлеп беруі тиіс болатын. Қазір бұл мерзім анағұрлым қысқарып, бір аптада еңбеккердің ем алуына ақша берілетін болды.

Компанияның оңтүстік филиалдағы директоры Сейсен Мырзатаевтың сөзінше, көптеген кәсіпорындарға аталған компаниямен келісім-шарт жасап, бірлесе жұмыс істеуі тиімсіз. Өйткені, олардың компаниясы мемлекеттік мекеме болғандықтан, еңбеккердің үлесін көбірек қарастырады екен. Бірақ жұмыс берушілердің теріс айналуына мүмкіндік жоқ. Себебі мемлекеттік мүдде арқылы біз оларды міндеттей аламыз дегенді айтады С.Мырзатаев.

Қазір аталмыш сақтандыру компаниясының өз құзыры бар. Өйткені «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау» министрлігімен бірлесе жұмыс істейді. Сондықтан, басты мақсаты — еңбеккерлердің құқын қорғау.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz