Қожалықтардың жұмысын жақсартатын ауыл шаруашылық техникаларының көрмесі

223
көрменің берері мол
көрменің берері мол

Облыс орталығында «Агротек-Шымкент-2011» 1-і халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі жұмысын бастады. Қарашаның 9- 11 аралығында көрмеге келушілер арнайы техника, тыңайтқыштар, мал қорегі, асыл тұқымды ірі қара малды дамытуға арналған озық технологиялармен танысып қана қоймай іскерлік қарымқатынас түзуге толық мүмкіндіктері бар.

Ауылшаруашылығы көрмесіне 7 мемлекеттен 30 дан астам компаниясы қатысуда. Олардың тауарлары бүгінде қазақстан нарығында кеңінен қолданылып келеді. Ол арнайы техникалар мен жабдықтар, оған қажетті бөлшек заттары. Суғару және тыңайту технологиялары, өсімдіктерді қорғауға арналған қоспалар және құрылғылар мен мал шаруашылығындағы озық тәжірибе үлгілері. Көрмеде отандық өнідрушілердің техникалары да кең көлемде қойылған.

Көрменің мақсаты- агроөнеркәсіп кешені мамандарының бірі -бірімен жаңа технологиялар бойынша жинақтаған тәжірибесімен бөлісу. Оған қоса, біріге бизнес-жобалар түзу. Халықаралық мамандандырылған көрме болғандықтан, келушілер мұнда әлемдегі замануи арнайы техникамен жаңа технологиялармен танысады. Мәселен көкшетаулықтар асылтұқымды ірі қара малдың санын арттыру бағытындағы әдістерін ортаға салды.

Көрме павильонында Қазақстанда алғаш рет «Жер күші» атты биологиялық тыңайтқыш өндірісінің өнімдерін қолдану жөнінде кеңес аласыз. Ол ашық топырақта немесе жылыжайларда пайлананылады. Мал шаруашылығына қорек заттарының түр түрін жергілікті мекемелер ұсынуда. Сонымен қатар мұнда алпауыт компаниялардың жаңа үлгідегі техникасының сан алуан түрімен танысасыз. Көрме қарашаның 10-на сағат 10-18 аралығында, ал 11-не 10-нан 17.00 ге дейін жұмыс істейді.